Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес жұмыстары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес жұмыстары

🔻2025 жылы Қаратал ауданы бойынша шегіртке тектес зиянкестерге қарсы 3325 гектар алқапқа өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 1425 гектар жерге авиациялық (ұшақпен), 1900 гектар жерге жерүсті техникасымен өңдеу жүргізіледі. Сонымен қатар, итальяндық шегірткеге қарсы 13190 гектар, ал азиялық шегірткеге қарсы 4288 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізу жоспарланған.

🔻Қазіргі таңда Қаратал ауданы аумағында шегіртке тектес зиянкестердің таралуының алдын алу мақсатында жоспарға сай химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар зиянкестердің егінге залалын болдырмауға және ауыл шаруашылығы өнімінің сақталуына бағытталған.

🔻Шаруа қожалықтарының назарына!
Егістік алқаптарыңызда шегіртке немесе өзге де зиянкестердің пайда болуы байқалған жағдайда, дер кезінде ауылдық округ әкімдеріне немесе аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне хабарлауыңызды сұраймыз.

🔻Шегірткеге қарсы күрес жұмыстары аудан көлемінде жүйелі және ұйымдасқан түрде жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-tastobe/press/news/details/998346?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді