Тұрғындардың өтініші назардан тыс қалмайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласының әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев жеке қабылдау барысында көтерілген тұрғындардың өтінішін бақылауға алып, Первомайская көшесі, 37 мекенжайындағы аулаға барды. Тұрғындармен кездесіп, аула аумағының қазіргі жай-күйімен танысты.

Кездесу барысында тұрғындар ауланың тозғанын, абаттандыруды қажет ететінін айтты. Атап айтқанда, ойын алаңын жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолын салу, аулалық жолдарды асфальттау қажеттігі көтерілді. Сондай-ақ ойын алаңы маңындағы алынып, бірақ шығарылмаған жиек тастары да тұрғындардың алаңдаушылығын туғызуда.

💬

«Биыл ауланы тұрғындардың өтінішімен абаттандырамыз. Асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолы салынады. Сонымен бірге қараусыз жатқан жиек тастары шығарылып, тиісті шаралар қабылданады», – деді Бекжан Бапышев тұрғындармен кездесу барысында.

Ауланы абаттандыру бойынша тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берілді. Жұмыстар кезегімен атқарылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/998113?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді