“TURKISTAN ROBO CUP 2025” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РОБОТОТЕХНИКА ТУРНИРІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“TURKISTAN ROBO CUP 2025” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РОБОТОТЕХНИКА ТУРНИРІ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған “TURKISTAN ROBO CUP 2025” республикалық робототехника турнирі алғаш рет өтті. Шара
облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен. Турнирге барлығы 250-ге жуық оқушы қатысып, заманауи технологиялар әлемінде өзара бақ сынасты.

Жарыс өңірде білім беру және спорттық робототехниканы кеңінен насихаттауға, жастар арасында ғылыми-техникалық шығармашылықты танымал ету және инженерлік мамандықтардың беделін арттыруға бағытталған. Жарыс кіші және жоғары жас топтарында робот құрастыру, роботтар шайқасы, биатлон және лабиринт санаттары бойынша ұйымдастырылған.
Нәтижесінде креативті роботтар құрастырылып, үздіктер анықталды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/997472?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді