
2025 жылы 15–16 мамыр күндері Қазақстан Республикасында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Жалел Кизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК базасында «Ветеринария» құзыреттілігі бойынша «Үздік маман» атты өңіраралық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Іс-шараға Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан («Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК, «Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжі» МКҚК, «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК, Тараз инновациялық көпсалалы колледжі, «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы ветеринария және биотехнология жоғары колледж» МКҚК, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК) келген үздік студенттік командалар қатысты. Байқау ветеринария саласындағы шынайы кәсіби қызметке барынша жақындатылған тәжірибеге негізделген тапсырмалар форматында өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты – жұмысшы мамандықтарды дәріптеу, ветеринария мамандығының беделін арттыру, сондай-ақ студенттер мен жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамыту. Байқау болашақта табысты ветеринар болуға ұмтылатын дарынды жастарды анықтауға арналған алаң болумен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын заманауи стандарттарға сай білім беру үдерісін жетілдіруге ынталандырады. Сонымен қатар, іс-шара өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға және қатысушылар арасында тәжірибе алмасуға ықпал етеді.
Мұндай кәсіби байқаулардың бірқатар артықшылықтары бар:
Тәжірибелік бағыттылығы: қатысушылар ветеринариялық маманның жұмыс жағдайына барынша жақын тапсырмаларды орындайды;
Өсуге ынталандыру: байқау студенттерді өзін-өзі дамытуға, кәсіби ортада белсенді болуға ынталандырады;
Қолдау мен тану: жеңімпаздар марапаттармен қатар өңірлік деңгейде танылып, бұл олардың болашақ мансабына оң әсер етеді;
Кәсіби қауымдастықты дамыту: байқау оқытушыларды, мамандарды және студенттерді біріктіріп, білім мен үздік тәжірибемен алмасуға жағдай жасайды.
Байқау жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын айқындап, болашақ мамандардың жоғары дайындық деңгейін көрсетуге мүмкіндік берді.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
I орын – З.С. Потапкин, «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК
II орын – С.С.Пернен, «Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжі» МКҚК
III орын – Қабыл Ә.Қ., «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК
III орын – Тұрар Ә.А., Тараз инновациялық көпсалалы колледжі
Қалған қатысушыларға сертификаттар, ал жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.
Осындай байқауларды өткізу – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға және өңір мен елдің агроөнеркәсіптік кешенінде сұранысқа ие білікті мамандар даярлауға жасалған маңызды қадам болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-uob/press/news/details/998221?lang=kk
Жауап қалдыру