Заң мен тәртіп: мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту аясында қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілдерінен құралған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті, сондай-ақ Монополияға қарсы департамент қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың маңызды аспектілеріне назар аударды. Осы маңызды салаларда этикалық стандарттарды нығайту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетудің негізгі тәсілдері талқыланды.

Кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар мен стандарттарды сақтау мемлекеттік институттардың ашықтығы мен сенімін қамтамасыз ету үшін қажетті шарт болып табылатынын атап өтті.

Алдағы уақытта мекеме қызметкерлері арасында жоғары жауапкершілік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауға мүмкіндік беретін мұндай кездесулерді тұрақты негізде жалғастыру жоспарлануда.

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-shymkent/press/news/details/997137?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді