«Заң және тәртіп» қағидаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Заң және тәртіп” идеологиясын жан-жақты жариялау аясында Маңғыстау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі теміржол тасымалы саласының қызметкерлері үшін семинар ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасынан туындайтын негізгі міндеттер, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың күнделікті қызметінде “Заң және тәртіп” қағидатын іске асырудың маңыздылығы болды.

Маңғыстау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет превенциясы басқармасының бас маманы Х.Құспанова бұл қағида мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінде заңдылық пен тәртіпті сақтағаны үшін жоғары жауапкершілікті көздейтінін атап өтті.

Сондай-ақ, Астанадан келген комплаенс қызметінің қызметкерлері темір жол қызметкерлері заңға бағынудың үлгісі болуға, моральдық және этикалық нормаларды ұстануға, сыбайлас жемқорлықпен белсенді күресуге және заң шеңберінде өз міндеттерін мүлтіксіз орындауға тиіс екенін атап өтті.  

Қорытындылай келе, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізі ретінде “Заң және тәртіп” идеологиясының қағидаттарына назар аудара отырып, өз пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасты.

#Заң__мен_Тәртіп

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-mangystau/press/news/details/997233?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді