
ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестірумен жарылғыш заттардың заңсыз айналымы арнасының жолын кесті.
Жүргізілген іс-шаралар барысында 200 килограмм аммиак селитрасы (60 килограмм тротилдік баламасында), сондай-ақ 200 дана жарылғыш-капсулалары бар детонациялық сымдар табылып, тәркіленді.
Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған заттар заңсыз іздеу әрекетіндепайдалануға арналған.
Қылмыстық кодекстің 287-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҰҚК Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/knb/press/news/details/997215?lang=kk

Жауап қалдыру