
Нұркен Кобжановтың басшылығымен облыстық және қалалық мәслихат депутаттарының облыстық орталықтар мәслихаттарының төрағаларымен кездесуі өтті.
Іс-шара аясында Қарағанды агломерациясында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға арналған презентация өткізілді, бұл кездесуге қатысушыларға іске асырылып жатқан жобалар туралы өзекті ақпарат алуға мүмкіндік берді.
“Мемлекет басшысы жергілікті жерлердегі демократияның негізгі институттары ретінде мәслихаттардың рөлін күшейтудің маңыздылығын, өңірлерді дамытудағы жауапкершілікті және депутаттардың құзыреттілігін арттыру қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Президенттің бұл сөздері бәріміз үшін қозғаушы күш болып табылады. Азаматтарымыздың өмір сүру сапасы, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік бағдарламаларды орындау және жергілікті жерлерде қабылданған реформаларды одан әрі іске асыру дәл осы мәслихаттар жұмысының тиімділігіне байланысты. Сонымен қатар, бүгінде біздің алдымызда жаңа сын-қатерлер мен міндеттер тұр”,-деді семинар-отырыстың кіріспе сөзінде Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Кобжанов.
Қалалар мен өңірлердің жалпы дамуындағы өкілді органдардың рөлі мен маңызы туралы мәселелерді талқылауға ерекше назар аударылды. Ибадулла Құттықожаев Қызылорда қалалық мәслихатының жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, халықпен өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерінің және қабылданатын шешімдер сапасының маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар семинарға қатысушылар мәслихаттар қызметінің тиімділігін арттыру мәселелерін, сондай-ақ азаматтармен және қоғам өкілдерімен өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру жолдарын талқылады.
“Болашақта мәслихаттардың рөлі нығайып, арта түсетініне сенімдімін. Біз жергілікті өкілді органдардың өңірлерді дамыту мен басқаруға неғұрлым белсенді қатысуы үшін бірлескен күш-жігер арқылы жағдай жасауымыз қажет. Тек осылай ғана біз қалаларымыз бен ауылдарымыздың тұрақты дамуын, сондай-ақ әрбір тұрғынның әл-ауқаты үшін берік негізді қамтамасыз ете аламыз, – деп түйіндеді Н.Кобжанов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandinskoy-oblasti/press/news/details/997819?lang=kk
Жауап қалдыру