
️ ️⚜️ ДЕПАРТАМЕНТ: МӘЖБҮРЛІ ЕҢБЕККЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
🔹 Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінде халық арасында адам саудасының алдын-алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау бойынша ағарту және ақпараттық іс-шараларды, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу мақсатында Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры М.Т.Қабденовпен бекітілген кестеге сәйкес құрылған арнайы мобильді топ өңірдің әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.
🔹 Кездесу барысында адам саудасының проблемасы: мәжбүрлі еңбек, қылмыстық заңнама және адам саудасының құрбандарына көмек көрсетуді көздейтін құқықтық актілер, адам саудасының жалпы белгілері және айналыс үшін байланыстар туралы кеңес берілді.
🔹 Аталмыш іс-шараға Департаменттің бас маман-мемлекеттік еңбек инспекторы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы қатысып, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласы арқылы мәжбүрлі еңбектің құрбандары болғандарға және оның алдын-алу, болдырмауға байланысты құқықтық көмек көрсету мақсатында ҚР Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/997826?lang=kk

Жауап қалдыру