📚 «Батыс Teacher’s TUR» республикалық слеті – шебер педагогтердің тәжірибе алаңы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін БҚО білім басқармасы мен Әдістемелік орталық ұйымдастырған «Батыс Teacher’s TUR» республикалық слеті өтті. Шараға еліміздің түрлі өңірінен 150-ге жуық педагог-шебер қатысты.

🔹 Пленарлық отырысты БҚО Әдістемелік орталығының директоры Г.Кубашева жүргізіп, алғашқы құттықтау сөзді басқарма басшысының орынбасары Л. Батырғалиева жолдады.

🔹 Ардагер ұстаз, «ҚР білім беру ісінің үздігі» Өтебай Құспанұлы құттықтап, педагогтердің кәсіби дамуына сенім білдірді.

🔹 «Жас маманнан педагог-шеберге дейін» атты сессияда тәжірибелі ұстаздар өз жолы мен жетістіктерімен бөлісті:

* Софья Салахиденовна Измуханбетова – «Өрлеу» БАҰО» АҚ БҚО бойынша «Кәсіби даму институтының» директоры;
* Әсел Саткановна Ерментаева– Ақжайық ауданы, Абай атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер, «Үздік педагог»;
* Гүлмира Қуанышқызы Мусагалиева – №11 мектеп-лицей-интернатының математика пәні мұғалімі, педагог-шебер, «Үздік педагог»;
* Гүлдана Максимқызы Нугманова – Сырым ауданы, тарих және құқық пәні мұғалімі, педагог-шебер, «Үздік педагог»;
Гүлзихан Үмбетовна Таскарина – Орал қаласы, №38 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «ҚР білім беру ісінің үздігі», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

🎨 Слет «ТӘЖІРИБЕ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ. ШАБЫТ» атты шеберлік сыныптарымен жалғасты.

✨ Бұл – кәсіби даму, шабыт пен жаңашылдықтың ортақ алаңы болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/997642?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді