🚦 «Бағдаршам – 2025» жол қозғалысы жас инспекторларының облыстық слеті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 14-16 мамыр аралығында Облыстық балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығы мен БҚО Полиция департаментінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында дәстүрлі «Бағдаршам – 2025» облыстық слеті өтті.

🔹 Слеттің мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің жол-көлік оқиғаларына тап болу қаупінің алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтауды насихаттау және осы бағытта түрлі мекемелердің назарын аударту.

🔸 Қатысушылар:
– «Велосипедті мәнерлеп жүргізу»;
– «Жас реттеуші»;
– «Жол қозғалысы ережелерінің білгірлері»;
– Үгіт-насихат бригадалары;
– Саптық байқауларда өзара бақ сынады.

📍 Слетке облыстың 8 ауданынан және Орал қаласынан барлығы 88 оқушы қатысты.

🏆 Жалпыкомандалық есеп нәтижесі бойынша:
🥇 1 орын – Жәнібек ауданы командасы;
🥈 2 орын – Бәйтерек ауданы командасы;
🥉 3 орын – Ақжайық ауданы командасы;

Бұл шара – жолда жүру мәдениетін қалыптастыруға және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды бастама.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/997653?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді