
2025 жылғы 16 мамырда Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Сайлаубек Ещанов «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалында көп балалы аналардың қатысуымен азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Кездесуге мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Қабылдау барысында жұмысқа орналасу, сондай-ақ әлеуметтік сипаттағы өтініштер мәселелері көтерілді. Екі әйел өрттен тұрғын үйдің жоғалуы туралы өтініш білдірді.
Барлық мәселелер бойынша түсініктемелер беріліп, құзыреті шеңберінде тиісті шаралар қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/997986?lang=kk






Жауап қалдыру