
2025 жылғы 16 мамырда Денисов аудандық мәслихатының әлеуметтік қорғау, әлеуметтік саланы дамыту, құқық тәртібі және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Аудандық мәслихаттың әлеуметтік қорғау, әлеуметтік саланы дамыту, құқық тәртібі және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына шақырылды:
1. Биктимисова Айгүл Ергуатқызы – Денисов ауданы әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрайымы;
2. Алиев Қайрат Хайдарұлы – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Денисов ауданының білім бөлімі» ММ басшысы.
Комиссия отырысында келесі мәселелер қаралды:
1. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі туралы комиссия төрайымының есебі;
2. Ауданның мектепке дейінгі мекемелерінің қызметін ұйымдастыру туралы.
Тұрақты комиссия тиісті қаулылар қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-denisov/press/news/details/997741?lang=kk

Жауап қалдыру