Байланыс саласы қызметкерлерінің күнімен

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті байланыс саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Байланыс – қазіргі қоғамның ажырамас бөлігі, заманауи өмірдің маңызды ресурсы. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында ақпарат алмасу үздіксіз жүзеге асып, мемлекеттік және жеке құрылымдардың тұрақты жұмысы қамтамасыз етіледі, озық технологиялар мен коммуникацияларға қолжетімділік артады.

Сіздер цифрлық инфрақұрылымды дамытуға үлкен үлес қосып, желілер мен қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етесіздер. Байланыс саласының дамуына үлес қосқан ардагерлерге ерекше алғысымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, амандық, еңбекте табыс және жаңа жетістіктер тілеймін! Еңбектеріңіз бағаланып, әрдайым сұранысқа ие болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-astrahan/press/news/details/998275?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді