
Маңғыстау ауданында «Көктем палитрасы» көрмесі өтті
Маңғыстау аудандық мәдениет үйінде көктемнің әсемдігін бейнелеген «Көктем палитрасы» атты сурет көрмесі өтті. Көрмеде аудандық өнер мектебінің сурет үйірмесіне қатысушы оқушылардың еңбектері мен олардың жетекшісі Мейіржан Есеновтің туындылары қойылып, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.
Көрме барысында қатысушылар көктемнің нәзік көріністерін, табиғаттың түрлі күйін бейнелеген суреттермен танысып, жас суретшілердің шығармашылығына тәнті болды.
-Бұл көрме – шығармашылыққа құштар жас буынның өнерге деген талпынысы мен шабытының көрінісі, дейді ұйымдастырушылар.
Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/998475?lang=kk

Жауап қалдыру