«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 15-16 мамыр күндері меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымның барлық педагог қызметкерлері арасында республикалық «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі»   байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Байқауға қатысушылардың Ережеге сәйкес Е-портфолиолары, «Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогтің рөлі»  тақырыбындағы эсселері және кіріктіріле ұйымдастырылған іс-әрекеттері қаралды.       

Байқаудың комиссия мүшелерінің  шешімі:  

Бас жүлдеЛяшова А. Е. – ШҚО ББ «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса-Балғын» бөбекжайы» КМҚК;

1-орын – Демидова Т.В. ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 11 «Айгөлек» балабақша-бөбекжайы» КМҚК және Толеуханова Г.С. ШҚО ББ «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Ертөстік» бөбекжайы» КМКҚ;

2-орынМамиева С.К. ШҚО ББ «Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса балабақшасы» КМҚК, Нургазина К.К.- ШҚО ББ «Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Күршім ауылының балабақшасы» КМҚК және Тоқтарова Е.Б. ШҚО ББ «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжйы» КМҚК;

3-орын Сапина Г.С. ШҚО ББ «Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Балапан бөбекжайы» КМҚК және Бородавкина Е.В. ШҚО ББ «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Пчелка» бөбекжай-бақшасы» КМҚК;

«Шығармашыл педагог» номинациясы – Сапабаева Н.Б. – ШҚО ББ «Марқакөл ауданының бойынша білім бөлімінің «Марқакөл аулының балабақшасы» КМҚК.

Жүлделі орын алған педагогтер ШҚО ББ дипломдарымен, мадақтамаларымен марапатталды.

Байқау жеңімпазы ШҚО ББ «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса-Балғын» бөбекжайы» КМҚК А. Е. Ляшованың байқау материалдары республикалық кезеңге жолдама алды.

Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/997639?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді