
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Өскемен қаласының әкімдігі көпбалалы отбасыны арнайы құттықтап, мерекелік ілтипат білдірді.
Махаббат пен татулықты өмірлік ұстаным еткен Дәурен Қалиғажинов пен Әйгерім Қалиғажинова бүгінде жеті перзентті тәрбиелеп отыр. Ерекше атап өтерлігі — бұл шаңырақта екі рет егіз бала дүниеге келген.
«Бізді көп жағдайда ерекше отбасы деп атап жатады. 2016 жылы «Жас отбасы» бағдарламасы аясында осы үйге қол жеткіздік. Қазір осы баспанамызда 5 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отырмыз. Алдымен егіз қыздарым дүниеге келді, кейін ұл балаларымды өмірге әкелдім. Көпбалалы отбасы ретінде арнайы келіп, құрмет көрсеткендеріңізге алғысым шексіз. Барша отбасыға амандық, береке және тәрбиелі ұрпақ тілеймін», – деді көпбалалы ана Әйгерім Қалиғажинова.
Халықаралық отбасы күнін атап өту – отбасы институтының маңыздылығын насихаттауға, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға және қоғамдағы отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/998411?lang=kk
Жауап қалдыру