Орталық қалалық кітапханада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына ұлт батыры

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Орталық қалалық кітапханада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына ұлт батыры Б. Момышұлының 115 жылдығына және Ә.Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «От шарпыған жылдар» атты естелік кеші болып өтті. 
Іс-шарада Б.Момышұлының, өмірі, оның еңбектері мен наградалары, сондай-ақ Ә.Молдағұлованың аты аңызға айналған мерген қыздың өмірі мен ерлігі туралы мағлұмат беріліп, бейнеролик көрсетілді.
«Үміт» арнаулы қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы тәрбиенушілері мен Қ.Пішенбаев атындағы тау-кен колледжінің студенттері соғыс және Жеңіс туралы рухты өлеңдер оқыса, Кәрімов Абылайхан «Соғыс» атты патриоттық әнін шырқады. Оқушылар ұлт батыры Бауыржан Момышұлы мен Әлия Молдағұлова жайында маңызды мәліметтер мен құнды деректерге қанықты.
Барлық қатысушыларға алғыс хат табысталды. Іс-шара атауымен аттас кітап көрмеге шолу жасалды. Кітап көрмеден ойып тұрып орын алған «Қаһарман Бауыржан» фотоальбомы, А.Бектің «Волокаламское шоссе» кітабы. Б. Момышұлының «Соғыс психологиясы», «Ұшқан ұя», «Генерал Панфилов» және т.б. шығармаларына ерекше назар аударылды. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-cultura/press/news/details/998435?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді