
Ағымдағы жылдың 19-23 мамыр аралығында Павлодар облысының аумағында “Мигрант” Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Осы кезеңде полиция күштері тиісті қоғамдық тәртіпті сақтауға, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ҚР-да болу тәртібінің ережелерін бұзушылықтарды анықтауға бағытталатын болады. Полицейлер тұрақты тұратын және уақытша болатын шетелдіктердің мекен – жайларын тексереді-деп хабарлайды Павлодар облысының ПД.
Соттардың шығарып жіберу туралы шешімін орындаудан жалтарған шетелдіктер анықталған кезде алдын алу шектеуі қолданылады және елден мәжбүрлеп шығарылады.
Сондай-ақ, заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын автомобиль жүргізушілері, сондай-ақ курьерлік қызметтермен айналысатын курьерлер тексеруден өтеді. Бұдан басқа, жақын және алыс шетелдердің шетел азаматтары тарапынан көші-қон заңнамасының бұзылуын анықтау тұрғысынан полицейлер барлық базарлар мен өзге де сауда орындарын тексереді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/998405?lang=kk
Жауап қалдыру