
Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов кезекті рет тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл – қала басшысының халықпен тұрақты түрде өткізіп келе жатқан кездесулерінің бірі.
Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй кезегі, қаланы абаттандыру, мектептердегі мәселелер, жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек, еңбек ақының кешіктірілуі секілді маңызды сұрақтарын жеткізді. Сонымен қатар, қала маңындағы жер телімдері және инженерлік инфрақұрылымға қатысты ұсыныстар да айтылды.
Қала әкімі әр тұрғынның өтінішіне мұқият тыңдае, заң аясында нақты шешімдер қабылдануы үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Мұндай ашық форматтағы кездесулер тұрғындардың мұң-мұқтажын тікелей жеткізуге мүмкіндік беріп, мәселелердің оң шешім табуына ықпал етпек.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/998384?lang=kk

Жауап қалдыру