Құрметті Бұланды ауданының тұрғындары!
«Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы» 2025 жылғы 29 сәуірдегі № А-5/228 Ақмола облысы әкімдігінің бірлескен қаулысына және 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 8С-19-6 Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес келесі өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз:
- Ақмола облысы Бұланды ауданының Айнакөл ауылдық округі таратылды және есептік деректерден шығарылды;
- Бұланды ауданы Айнакөл ауылдық округінің Айнакөл және Острогорка ауылдарының әкімшілік -аумақтық бағыныстылығы Бұланды ауданы Журавлевка ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық бағыныстылығына беру жолымен өзгертілді.
Құрметпен,
Бұланды ауданының әкімдігі
Акимат Буландынского района
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-bulandy/press/news/details/998492?lang=kk

Жауап қалдыру