Құрметті кәсіпкерлер!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер Палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдаудың басталғандығы туралы хабарлайды.
Өтінімдер 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін https://altynsapa.kz сайтында электронды түрде және Ақтау қ., 35 ш/а, 2 ғимарат, «Атамекен» ӨКП, 1 қабат, 101 каб. мекенжайы бойынша қағаз жүзінде қабылданады.

Байланыс нөмірлері: Гульнара +7 778 999 23 39, Наргиз +7 708 987 39 13
Конкурсқа шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үш санатта төрт номинация бойынша қатыса алады:
1) “Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын”;
2) “Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын”;
3) “Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын”;
4) “Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын”.

Сондай-ақ, конкурста “Үздік индустриялық жоба” және “Үздік инновациялық жоба” арнайы сыйлықтары тағайындалады.
Байқауға қатысу шарттарын түсіндіруге арналған семинар 2025 жылдың 5 мамырында, сағат 15:00-де «Атамекен» ӨКП конференц-залында (2-қабат) өтеді.

Семинарға тіркелу сілтемесі:
https://docs.google.com/forms/d/1DoDUvWZO-zPiJsnkvZq6sY85SfLZqKvt4kWIJnzP2e4
Қосымша ақпаратты www.altynsapa.kz ресми сайтынан және байқаудың әлеуметтік желідегі ресми парақшаларынан ала аласыз.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/998378?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді