
«Рецидивтің алдын алу» жобасы аясында Ақмола облысы прокуратурасының ғимаратында апробация үшін жаңа электронды бақылау білезіктері облыстың ҚАЖ Департаментіне тапсырылды.
Жаңа электронды білезіктер заманауи технологиялармен жабдықталған және ылғал мен шаңнан жоғары дәрежеде қорғалған, бұл оларды төтенше жағдайларда сенімді етеді.
Осы құрылғыларды пайдалану тәжірибесі сәтті болған жағдайда, оларды сатып алу және пробация есебінде тұрған есепке алынатын адамдарға және жергілікті полиция қызметіне қолдану туралы мәселе қаралатын болады.
#Заң_мен_Тәртіп
Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/997649?lang=kk
Жауап қалдыру