
Астанада өткен «Robotek Grand Tournament» халықаралық чемпионатына еліміздің барлық өңірлерінен, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Молдова, Болгария, Америкадан 200-ден астам оқушылар қатысты. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының және «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының қолдауымен «Robotek» робототехника мектебі ұйымдастырушы болып табылады.
Павлодар облысын чемпионатта 7 команда «Роботек», «Инверсиялық желі бойынша жарыс», «Мерген», «Робо Баскетбол», «Туды жеткізу», «Робот сұрыптаушы» номинациялары бойынша таныстырды және «Робот жеткізуші» номинациясы бойынша Павлодар қаласының № 25 мектебінің «Runner» командасы қатысты.
Чемпионат қорытындысы бойынша Павлодар облысының 3 командасы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде қола медаль, ІІІ дәрежелі диплом және бағалы сыйлық иегері Павлодар қаласының № 25 мектебінің 6 сынып оқушылары Қайырденов Рахат пен Егеубай Рауаннан құралған «Runner» командасы болды.
Рахат пен Рауан 4 сыныптан бастап мектептің факультативтік сабақтарында информатика пәнінің мұғалімі Жарас Жолдасбекұлы Томаровпен робототехникамен айналысады. Осы кезеңде олар «Robotek Grand Tournament» облыстық турнирінің жеңімпаздары, Алматыдағы «RoboMissionElementary» республикалық турнирінде «Өскелең робототехниктер» номинациясының иегерлері атанды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/997651?lang=kk
Жауап қалдыру