
Бүгін Сарыағаш ауданында «AMANAT AQYLMAN» атты интеллектуалды ойыны өтті. Интеллектуалды ойынның ашылу салтанатына «Жастар рухы Жастар қанатының» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұман, «Amanat» аудандық филиалының төрағасы Шермат Ибрагимов, филиалдың атқарушы хатшысы Құдірет Қыстаубаевтар арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Интеллектуалды ойынға білім, мәдениет, спорт, кітапхана, колледж, жергілікті атқарушы органдар және мекеме қызметкерлерінен ұйымдастырылған 15 команда 4 кезең бойынша бақ сынады.
Ойынның нәтижесі бойынша l орынды Сарыағаш ауданы әкімі аппараты атынан «IQ жүйріктері» командасы, II орынды мәдениет және кітапхана қызметкелінен құралған «Мұра» командасы ,ал ІІІ орынды Оңтүстік жарық мекемесінің «ОЖТ» иеленді. Қатысушы командаларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды
«Аmanat Аqylman» ойыны жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп, Түркістан облысының зияткерлік әлеуетін арттыруға зор үлес қосуда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/997843?lang=kk

Жауап қалдыру