«Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар,қалан» атты Pecha Kucha форматындағы танымдық кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 15 мамыр күні «Жастарға арналған креативті алаңдар ұйымдастыру» жобасы аясында жастарға арналған мазмұнды шара ұйымдастырылды.

Pecha Kucha – жапондық қысқа әрі ықшам формат. Әрбір спикерге 6 минут 40 секунд уақыт беріліп, 20 слайд бойынша мазмұнды баяндама жасалды.
Шақырылған спикерлер:
– Байгазинов Жанат Абылканович – PhD, биология ғылымдарының кандидаты, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ басқарма төрағасы
– Әубәкірова Қарлығаш Әділханқызы – PhD, ақын, әдебиеттанушы
– Кенжеғазин Думан Кенжеғазыұлы – 018.kz ақпараттық порталының бас редакторы
– Өмірәлінов Ерасыл Серікұлы – Семей медицина университетінің студенттік ректоры

Кездесу барысында кәсіби даму, жасанды интеллект, көшбасшылық қабілеттер, мемлекеттік бағдарламалар, тіл саясаты және өзін-өзі басқару бағыттарындағы өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар ашық пікірталасқа қатысып, спикерлерге тікелей сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды.

Аталған іс-шара жастардың зияткерлік деңгейін арттыруға, кәсіби бағдар мен мотивациялық қолдау алуға, сондай-ақ өңірлік деңгейде жастар бастамаларын жандандыруға зор үлес қосты. Мұндай кездесулер белсенді және саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында маңызды платформа болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-ishki-sayasat/press/news/details/998330?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді