ШЫМКЕНТТЕ КЕҢ АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Тұран ауданында сенбілік ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты – тұрғындар арасындағы экологиялық мәдениетті арттыру мен қоршаған ортаны тазалығын сақтау болып табылады.

Сенбілікке аудан тұрғындары, жастар өкілдері және коммуналдық мекемелердің қызметкерлері қатысты. Үшінші шағын ауданда өткен тазалық жұмыстары барысында аулалар мен жол жиектері, су арналары мен жасыл аймақтар тазартылды.

Іс-шараға 300-ге жуық адам қатысып, «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС мен «Тұран» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арнайы техникасы мен қызметкерлері тартылды.

Тазалық жұмыстары барысында жиналған барлық тұрмыстық және құрылыс қалдықтары шығарылып, 500 шаршы метр аумақ тазаланды, санитарлық мақсатта 20-ға жуық ағаш кесілді.

Сонымен қатар, Еңбекші ауданы Ш.Уәлиханов көшесі 186 көпқабатты тұрғын үй маңында санитарлық тазалық, ағаш қырқу, шөп ору, аяқжолдарды жуу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстарғы арнайы техника мен шөп оратын құрылғылар жұмылдырылды.

Сенбілікке Еңбекші ауданы әкімі аппараты, «Еңбекші» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Группа Интеко» ЖШС қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Тазалық пен тәртіп – жайлы әрі қауіпсіз қала ортасын қалыптастырудың негізгі алғышарттарының бірі. Мұндай іс-шаралар тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық сананы қалыптастыруға зор үлес қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/997892?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді