СЫРЫМ АУДАНЫНДА ҮШ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ ӘКІМ САЙЛАУЫ БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
СЫРЫМ АУДАНЫНДА ҮШ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ ӘКІМ САЙЛАУЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Сырым ауданында маңызды саяси науқан – ауылдық округ әкімдерін сайлау басталды. Ауданның үш бірдей Жосадық, Бұлан, Сарой ауылдық округтерінде өтіп жатқан бұл сайлау – жергілікті тұрғындардың өз болашағына деген жауапкершілігін айқын көрсететін сәттердің бірі.
Жосалы ауылдық округінде әкім лауазымына үш үміткер тіркелді, олар — Ихсанова Динара Егінбайқызы, Муса Сәкен Нұркенұлы және Мүтиев Рауан Талғатұлы. Бұл үміткерлердің әрқайсысы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуды мақсат етіп отыр.
Жосалы округіндегі #308 Қоңыр сайлау учаскесі таңғы сағат 6:55-те Мемлекеттік Гимн орындалып, ресми түрде жұмысын бастады. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Қобыланды Ғабдешовтің айтуынша, мұнда барлығы 369 сайлаушы тіркелген. Ал учаскеге 372 бюллетень жеткізілген. Үйден дауыс беру үшін 4 адам өтініш білдірген.
Сайлау учаскесіне алғаш келген ауыл тұрғыны – Аманқайыр Жұмиев. Ол белсенділік танытып, бірінші болып өз таңдауын жасады. Комиссия төрағасы оған алғысын білдіріп, шағын сыйлық табыстады.
Сайлау заң аясында, ашық әрі әділ өтуі үшін барлық жағдай жасалған.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/998002?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді