ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҮЗУ ШЕБЕРЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА 12 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
✔️Талдықорған қаласының орталық бассейнінде жүзуден Қазақстанның жазғы чемпионаты өтті. Төрт күнге созылған жарыста еліміздің барлық өңірінен келген 300-ден астам спортш халықаралық жарыстарға жолдама үшін таласты. Түркістан облысынығ спортшылары 12 медаль жеңіп алды.
✔️Аделаида Пчелинцева, София Сподаренко, Анастасия Ермакова, Глеб Басов, Дарья Токтобаева, Диана Тасжанова бағдарламаның әр түрінен 7 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль еншіледі. Бұл нәтиже Түркістан командасына медальдық есепте екінші орынға шығуға мүмкіндік берді.
✔️«Қазіргі нәтижелер көңіл қуантарлық. Спортшылар жеңіске деген жігері арқылы сәтті өнер көрсетті. Ендігі меже – халықаралық жарыстарда өз мүмкіндігін жіберіп алмау», дейді облыстың аға жаттықтырушысы Нұртілек Убайдулаев.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/998302?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді