ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Түркістан облысының тәртіп сақшылары ардагер полицейлерді құттықтады. Түркістан облысы ІІО Ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Жанқожаев пен ішкі істер органдарының ардагері Б.Сансызбаев тыл ардагерлері Шаймерден Айтпенбетов, Сайдулла Масадыков және Күлайша Күленқызының шаңырақтарына арнайы барып, оларды мерекемен құттықтады. Бүкіл өмірін қажырлы еңбекке арнаған қарттарға құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтар тарту етті.
Өз кезегінде О.Жанқожаев ардагерлерді құттықтап, Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің атынан арнайы Алғыс хат табыстады. Сонымен қатар жас ұрпаққа игілік пен ізгіліктің пайым- парасаттың үлгісін танытып, жас мамандарды тәрбиелеуде және құқық қорғау саласына зор үлес қосқаны үшін алғыс білдірді.
Өз кезегінде қарт ардагерлер департамент басшылығына, ардагерлер кеңесіне алғыстарын білдіріп, “Бізді елеп-ескеріп, мейрамда құттықтап өз сый-сияпаттарыңды ала келгендеріңе алғысымыз шексіз. Қоғамға өлшеусіз үлес қосып, атқарып жатқан қызметтеріңе тек қана табыс, өздеріңе шыдамдылық пен зор денсаулық тілейміз!” -деп ақ баталарын берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/997889?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді