ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢААРҚА АУДАНЫНДА “МӨЛДІР БҰЛАҚ” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ: 300 ТЕКШЕ МЕТР ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢААРҚА АУДАНЫНДА “МӨЛДІР БҰЛАҚ” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ: 300 ТЕКШЕ МЕТР ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

♻️«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» атты кең ауқымды экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Акцияның басты мақсаты – өзен-көлдердің жағалауларын тазарту және өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту.

♻️Іс-шараға мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің қызметкерлері мен депутаттар және мектеп оқушылары қатысты. Жұмыс барысында 6 техника жұмылдырылып, 300 текше метр қоқыс шығарылды.

♻️«Мөлдір бұлақ» акциясы – «Таза Қазақстан» бағдарламасының маңызды бөлігі. Бұл бастама арқылы еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту және халықтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру көзделген.

♻️Акция барысында аудан орталығының сыртқы жағының солтүстік бөлігі тазартылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-ishki-sayasat/press/news/details/997916?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді