
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қабанбай батыр ауылдық округінде кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Асқар Нұртазин қатысты.
Сенбілікке мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, аудандық мәдениет үйінің, Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің, Мансаптық орталықтың өкілдері, сондай-ақ Қабанбай батыр ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері белсенді қатысты.
Акция барысында ауыл ішіндегі аумақтар мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Табиғатты аялауға бағытталған сенбілік — ауыл тұрғындарына экологиялық тәрбие беруді, қоршаған ортаны таза ұстауға үндеуді мақсат етті.
Шара аясында қатысушылар Қаракерей Қабанбай батыр кесенесіне арнайы барып, зиярат жасап, батыр баба рухына тағзым етті. Бұл — өскелең ұрпаққа рухани тәрбие берудің жарқын көрінісі болды.
«Таза Қазақстан – біздің ортақ жауапкершілігіміз!» ұранымен өткен сенбілік – табиғатқа деген құрмет пен отансүйгіштіктің үлгісі ретінде жоғары деңгейде өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/997840?lang=kk

Жауап қалдыру