
ЖОСАЛЫ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ОТБАСЫМЕН ДАУЫС БЕРДІ
#308 сайлау учаскесінің сайлаушылары жосалылық Самиғолла, Алтын Мұқатовтар ауыл тұрғындарының ішінде ерте келіп таңдау жасағандар қатарында.
— Біз бүгін Жосалы болашағы үшін дауыс бердік. Әкімдікке үміткер жастар екен. Ауылға сіңісіп кетуіне, тәжірибемізді бөлісуге, халықпен етене жақын болуына көмектесуге дайынбыз. Әкім мен халық бірігіп жұмыс жасаса, жұмыс өнімді болмақ. Ауылда жағымды жаңалықтар орын алуда. Тұрғын үй салынғалы жатыр. Жаңа әкім осы игі істерді жалғастырады деп сенеміз. Ауылдастарымды сайлауға келуге шақырамын,-дейді Самиғолла Мұқатов.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/998004?lang=kk

Жауап қалдыру