🌿 “Табиғатты танып-білу – болашаққа қамқорлық”

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 13-15 мамыр аралығында Тасқала ауданының «Шұғыла» жазғы сауықтыру лагерінде облыстық балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен «Батыс Қазақстан облысының табиғат ескерткіштері» атты облыстық экологиялық экспедиция өтті.

🔍 Экспедиция мақсаты – оқушыларды туған өлкенің табиғатын аялауға баулу және практикалық экологиялық жұмыстарға жұмылдыру.

Қатысушылар:
– Деркөл жағалауына сызықтық маршрутпен жүріп, тал (терек) көшеттерін отырғызды;
– Ғылыми-зерттеу полигондарында далалық зерттеулер жүргізіп, нәтижесін қорғады;
– «Командаларды таныстыру» мен «Үздік бивуак» байқауларына қатысты.

🏆 Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер:
🥇 1 орын – Бәйтерек ауданы
🥈 2 орын – Ақжайық ауданы
🥉 3 орын – Тасқала ауданы

Бұл шара – табиғатқа жанашыр ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/996583?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді