15 мамырда «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ экскурсия ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы: Шахтинск қаласының білім бөлімі.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылға жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылына арналған іс-шараларды орындау аясында және Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарының жоғары сынып оқушыларын облысымыздың өндірістік процестерімен таныстыру мақсатында 15 мамырда «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ экскурсия ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы: Шахтинск қаласының білім бөлімі.
Бұл бастама жастарды дамытуға, олардың ой-өрісін кеңейтуге және әртүрлі жұмысшы мамандықтарын түсінуге бағытталған, бұл, әрине, оқушылардың кәсіби қызығушылықтары мен болашақ мансаптық бағдарларын қалыптастыруға ықпал етеді.
«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ — барлық он төрт газдандырылған облыстарда және Республикалық маңызы бар үш қалада газ тарату құбырларын пайдаланатын Қазақстан Республикасындағы ірі газбен жабдықтаушы компания. Компания 60,9 мың шақырымнан астам тарату және магистральдық газ құбырлары мен барлық қажетті инфрақұрылымды қамтитын Қазақстандағы ең ірі газ тарату кешеніне айналды. «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қалаларды, ауылдарды, елді мекендерді газдандыру, сондай-ақ оларды одан әрі урбандау және өнеркәсіптік әлеуетті дамыту үшін газ инфрақұрылымын құру жөніндегі тапсырмаларын орындайды.
Шахтинск қаласының білім бөлімі «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ кәсіпорында экскурсия ұйымдастырғандарыңыз және жемісті ынтымақтастық үшін алғысын білдіреді. @qga_karaganda

#Birtutas_tarbie#Біртұтас_тәрбие#Жұмысшыкәсіптержылы#Годрабочих профессий# Еңбегіадалжасөрен# Мамандықтарәлемі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/997293?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді