2025 жылғы 13 мамырда Ақсу қаласы Айнакөл ауылы орта мектебінің ата-аналарымен “Деструктивті табынушылықтарға қатысудың алдын алу” тақырыбында профилактикалық семинар өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы жөніндегі бөлім басшысы Зайда Өмірбекқызы Асанбаева әр адамның интернет жауапкершілігі туралы толық айтып берді. «В контакте» деген әлеуметтік желідегі тыйым салынған топтардан жалтарма жауап беру қажеттілігі туралы назар аударды, өйткені олар Қазақстан Республикасының аймағында тыйым салынған және бұғатталған. Заңдылықты бұзу жағдайында (Қазақстан Республиканың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453 және 490 баптары) 20 айлық есептік көрсеткіштен 150 айлық есептік көрсеткішке дейін мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. Анықтамалар мына телефондар бойынша: 7-718-620101; 87079620101.

Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет, онда әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттердің бейбітшілік қатар өмір сүрудің, этникалық аралық және конфессиялық аралық келісімнің толеранттық атмосферасының өте құнды тәжірибесі жинақталған. Сонымен қатар, деструктивті діни ортада салмақты қауіп-қатер бар болып табылады. Лектор ата-аналар назарын деструктивті жалған діни ұйымдарға аударды. Олар тұлғаның санасын,
адамның құқықтары мен бостандығын бұзады, адамға моральды және физикалық зиян келтіреді. Сондай-ақ, ол әлеуметтік желідегі беттерде пайдалы ақпарат табуға болатынын түсіндірді. Ата-аналарға екі бейне ролик көрсетілді, ал семинар аяқталған соң әдістемелік материал таратылды.
Осы іс-шараның мақсаты тұрғындар арасында діни радикалды жат иммунитеттің алдын алу және дарыту болып табылады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksu-goo/press/news/details/996890?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді