
Қызылорда облысының Әділет департаменті «Антиконтрафакт» республикалық акциясы аясында өткізілген «Контрафактіге бірге қарсымыз» тақырыбындағы фотосурет байқауына қатысушыларды марапаттау шарасын өткізді. Департамент басшысының міндетін атқарушы Жамбыл Асадинұлы контрафактілік өнімдердің адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиянын насихаттауға атсалысқан жастарға және олардың жетекшілеріне алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/996614?lang=kk

Жауап қалдыру