Ақмола облысының прокуратурасында дөңгелек үстел өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 15 мамырда облыстық прокуратурада сот, прокуратура және полиция органдарының облыстық деңгейдегі басшылығының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Жиын жұмысына бейнеконференцбайланыс арқылы қалалық және аудандық соттардың төрағалары, аудан прокурорлары мен аумақтық полиция бөлімдерінің басшылары қатысты.

Дөңгелек үстел аясында қылмыстық және әкімшілік істерді отбасы-тұрмыстық салада қарау барысында туындайтын өзекті мәселелер, сондай-ақ құқық қолдану тәжірибесінің жекелеген аспектілері талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша айтылған проблемаларды шешуге және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірленді.

#ЗАҢменТӘРТІП

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/997089?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді