
Атырауда Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері арасында «Заң мен тәртіп» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы сот сөздері мен шешендік өнер байқауы өтті.
Іс-шара жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, құқықтық сананы, шешендік дағдыларды және құқықтануға қызығушылықты дамытуға бағытталған.
Байқауға 2,3 және 4 курс студенттері қатысты. Қатысу жеке және командалық болды (үш адамға дейін). Барлық қатысушылар жеребе тастады, олардың нәтижелері бойынша рөлдер анықталды — айыптау, қорғау немесе судья. Байқау басталардан 30 минут бұрын қатысушылар істердің сипаттамасын және тиісті материалдарды алды, олардың негізінде өз сөздерін дайындады.
Сөз сөйлеу тақырыбы жемқорлыққа қарсы күрестің ең өзекті мәселелерін қамтыды: алдын ала сөз байласу арқылы жымқыру, пара алу, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану және білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық.
Сөз сөйлеуді қазылар алқасы бағалады, оның құрамына Департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин, адвокат Анар Демесинова, құқық оқытушысы Белла Тәжгарина кірді. Бағалау келесі критерийлер бойынша жүргізілді: дәлелдер мен құқықтық дәлдік, тақырыптың өзектілігі, сөйлеу құрылымы, тәсілдің өзіндік ерекшелігі және шешендік шеберлік деңгейі.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Заң мен тәртіп» конкурсын өткізу жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартуға елеулі үлес болды және болашақ мамандардың құқықтық мәдениет пен сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілігін нығайтуға ықпал етті.
#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-atyrau/press/news/details/997358?lang=kk

Жауап қалдыру