Аудан әкімінің Халықаралық Отбасы күнімен құттықтауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Сандықтау ауданының тұрғындары!

Сіздерді Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Отбасы – әр адамның басты тірегі, сүйіспеншіліктің, қамқорлықтың, тірек, шабыттың қайнар көзі. Отбасында рухани-адамгершілік құндылықтар қалыптасады, салт-дәстүрлер жалғасады, ұрпақтар арасындағы байланыс нығаяды. Мықты және тату отбасы – қоғамның тұрақты дамуының және Отанымыздың гүлденуінің кепілі.

Біздің ауданда отбасы құндылықтары қасиетті саналатын тамаша адамдар тұрады. Сандықтау ауданында туған өлкеміздің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген еңбекқор, ынтымағы жарасқан отбасылар тұратынын мақтан тұтамыз.

Әр шаңырақта әрқашан татулық, келісім мен береке болсын! Сіздерге денсаулық, бақыт және отбасылық береке тілеймін!

Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/997186?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді