Біржан сал ауданының прокуратурасы аудан әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қызметіндегі заңдылықтың жай-күйіне талдау жасады.
Комиссия профилактикалық шараларды жеткілікті түрде жүргізбейтінін, оның шешімдері көбінесе формальды және іс жүзінде орындалмайтынын талдау анықтады.
Сонымен қатар, Комиссияның 2024 жылы құзырлы органдарды жасөспірімнің 2011 жылы туған жас қызбен жыныстық қатынасқа түсу әрекеті туралы уақтылы хабардар етпеу фактісі анықталды.
Аудан прокуратурасының бастамасымен аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24, 123-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды, істі аудандық ішкі істер бөлімі тергеп-тексеруде.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Комиссия төрағасы –тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/997084?lang=kk

Жауап қалдыру