
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
✔️ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Сапар барысында өңірдегі медициналық ұйымдардың қызметімен танысып, сала мамандарымен кездесулер өткізді.
✔️Министр ең алдымен Түркістан облыстық жедел жәрдем станциясына барып, мекеменің материалдық-техникалық базасын көріп шықты. Жедел жәрдем көліктерінің жарақтандырылуы, шақыртуларды қабылдау және өңдеу жүйесі, бригадалардың дайындық деңгейі секілді маңызды бағыттар назардан тыс қалмады. Сондай-ақ, жедел жәрдем қызметінің фельдшерлері мен диспетчерлік құрамымен тілдесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Министр жедел жәрдем қызметі халық денсаулығы үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтіп, қызметкерлерге алғысын білдірді.
✔️Сапар одан әрі Түркістан қалалық балалар ауруханасында жалғасты. Министр аурухананың бөлімдерін аралап, емдеу-диагностикалық кабинеттердің жұмысымен, заманауи медициналық жабдықтармен, пациенттерге көрсетілетін қызмет сапасымен танысты. Балаларға арналған стационарлық бөлімдерде емделушілердің жағдайы, күтім мен бақылау деңгейі, мамандардың біліктілігі де бағаланды.
✔️Аурухана ұжымымен кездесу барысында министр қазіргі денсаулық сақтау саласындағы негізгі міндеттерге тоқталып, ана мен бала денсаулығын қорғау, профилактикалық шараларды күшейту, медициналық инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Сонымен қатар, министр көтерілген мәселелерді жеке бақылауына алып, тиісті тапсырмалар беретінін жеткізді.
✔️Министр сапар қорытындысында Түркістан облысының денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған нақты қадамдар жалғасатынын, ал халыққа сапалы, қолжетімді медициналық көмек көрсету басты басымдық екенін ерекше атап өтті.
___
МИНИСТР ЗДРАВООХРАНЕНИЯ ОЗНАКОМИЛАСЬ С РАБОТОЙ МЕДИЦИНСКИХ УЧРЕЖДЕНИЙ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
✔️Министр здравоохранения РК с рабочим визитом прибыла в Туркестанскую область. Акмарал Альназарова ознакомилась с деятельностью медицинских организаций региона и провела встречи со специалистами отрасли.
✔️Министр в первую очередь посетила областную станцию скорой помощи и осмотрела материально-техническую базу учреждения. Не остались без внимания такие важные направления, как оснащенность машин скорой помощи, система приема и обработки вызовов, уровень подготовки бригад. Глава министерства пообщалась с фельдшерами и диспетчерским составом службы скорой помощи и выслушала их предложения. Министр поблагодарила сотрудников, отметив, что служба скорой помощи имеет особое значение для здоровья населения.
✔️Затем А. Альназарова посетила Туркестанскую городскую детскую больницу. Она осмотрела отделения больницы, ознакомилась с работой лечебно-диагностических кабинетов, медицинским оборудованием, качеством обслуживания пациентов. В стационарных отделениях для детей министр оценила состояние пациентов, уровень ухода и наблюдения, а также квалификацию специалистов.
✔️В ходе встречи с коллективом больницы А. Альназарова остановилась на основных задачах в сфере современного здравоохранения и отметила проводимую работу по охране здоровья матери и ребенка, усилению профилактических мер, развитию медицинской инфраструктуры.
✔️По итогам визита министр подчеркнула, что работы по дальнейшему развитию системы здравоохранения Туркестанской области будут продолжены, а оказание качественной и доступной медицинской помощи населению является главным приоритетом.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/997449?lang=kk
Жауап қалдыру