Ағымдағы жылдың сәуір айында Ерейментау ауданы прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлерімен жедел түрде мал ұрлығымен айналысатын 2 тұлға анықталып, ұсталды.
Олар жедел іс-шаралар барысында “Астана-Ерейментау-Шідерті” тас жолы мен Астана қаласындағы “Әлем” базарында бейнебақылау камераларының бейнежазбаларын бақылау арқылы анықталып, онда бұл тұлғалар ұрланған ірі қара мал еттерін сатқан. Сондай-ақ, жедел түрде ұрланған мал сойылған жер табылып, заттай айғақтар алынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған тұлғалардың Ерейментау ауданында мал ұрлығының басқа да фактілеріне қатысы бар екені анықталды.
Ұсталғандар кінәсін мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеді.
Аудандық соттың 08.05.2025 ж. үкімімен олар ҚК-тің 188-1-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/997103?lang=kk

Жауап қалдыру