
Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Темірболатқызы Таласбаева Есіл ауданы білім бөлімінің қызметкерлері және әдіскерлерімен кездесу өткізді. Негізгі талқыланған сұрақтар: білім саласындағы заңнамалардың орындалуы, мектептердің мемлекеттік аттестаттауға дайындылығы, 2024-2025 оқу жылының аяқталуына байланысты бақылауға алынатын сұрақтар туралы.
Сондай-ақ, ауданның екі мектебінде мемлекеттік аттестаттау бойынша 4,9 сынып оқушыларынан тестілеу алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/997339?lang=kk

Жауап қалдыру