
Павлодар облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті инфекциялық бақылаудың өзекті мәселелері бойынша семинар өткізді.
Семинарда қол жуу алгоритмін сақтау ережелері – медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың берілу факторы; микробиологиялық мониторинг және микробқа қарсы препараттарға төзімділік, стоматологиялық араласу саласындағы инфекциялық бақылау сияқты мәселелер қозғалды.
Стоматологиялық асқынулардың тіркелуіне байланысты стоматологиялық араласуларды жүргізу кезінде дезинфекциялық-стерилизациялық режимді сақтау мәселелері талқыланды.
Барлық айтылған тақырыптар тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды: сұрақтар қойылды, мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар қорытындысы бойынша болашақ перспективалар айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/996653?lang=kk

Жауап қалдыру