Көшпелі алқа отырысы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Д.Жанабергенованың төрағалығымен Бөкей орда ауданында Көшпелі алқа отырысы өткізілді.
Алқаға Департамент басшысының орынбасары Г.Кереева және 5 аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары және департамент мамандары қатысты.
«Бөкей ордасы ауданындағы санитариялық-гигиеналық қызметтің жай-күйі, аудандық СЭББ қызметіне жүргізілген кешенді тексерудің қорытындысы және алдағы кезеңге арналған мақсаттары және міндеттері» туралы департамент басшысының орынбасары Г.Кереева баяндады.
«Бөкей ордасы ауданындағы эпидемиологиялық жағдай және аудандық СЭББ қызметіне жүргізілген кешенді тексерудің қорытындысы. Алдағы кезеңге арналған мақсаттары және міндеттері» туралы департаменттің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы А.Куанышкалиева айтып өтті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері»
Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы З.Надкирничная баяндады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/997411?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді