
Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz
Азамат Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының 35-тармағы 6) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы Конституциялық Сотқа өтінішпен жүгінді.
Ереженің дауланып отырған нормасы қайта құру, қайта жоспарлау немесе қайта жабдықтау көзделетін үй-жайлардың (үй бөліктері) меншік иелерінің жазбаша келісімін беру туралы талапты белгілейді.
Алдын ала қарау қорытындысы бойынша Конституциялық Сот өтініш берушінің талаптары негізінде бұйрықтың Конституцияға емес, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкестігін тексеруге қатысты екенін көрсетті. Бұл ретте өтініш беруші келтірген барлық дәлелдер жалпы юрисдикция сотының бағасын алған нақты мән-жайларға тікелей қатысты болады. Осылайша, сот шешімін қайта қарау және бұйрықтың заңға сәйкестігін тексеру Конституциялық Соттың құзыретіне жатпайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 34-бабы 1-тармағына сәйкес, әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті екенін атап өту қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/997353?lang=kk

Жауап қалдыру