Конституциялық Сот жанындағы ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі Құқық қорғау органдары академиясында конституциялық бақылаудың рөлі туралы дәріс оқыды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz  

 

2025 жылғы 13 мамырда Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының Кәсіптік оқыту институтында курсанттар мен оқытушылар құрамы үшін «Конституциялық бақылауконституциялық заңдылықты қамтамасыз етудің маңызды факторы» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Шара Академия тыңдаушыларына арналды.

Дәріспен Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының жанындағы Парламентаризм институтының нормашығармашылық мәселелер жөніндегі атқарушы директоры, Конституциялық Сот жанындағы ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Алмас Қанатов сөз сөйледі.

Дәріс барысында Конституциялық Соттың адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау жөніндегі қызметінің негізгі аспектілері, құқық қолдану тәжірибесі, сот шешімдерінің құқықтық мемлекетті нығайтудағы маңызы, сондай-ақ конституциялық-құқықтық қағидаттарды орнықтыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Дәріске конституциялық әділет және құқық теориясына арналған ғылыми еңбектері мен мақалаларының негізгі тұстарын тыңдаушыларға таныстырып, ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелері мен практикалық қорытындыларымен бөлісті.

Кездесу соңында пікір алмасу өтті: дәріскер тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, практикалық ұсынымдар берді және жария құқық саласындағы білім беру мен ғылыми ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Шара Конституциялық Соттың рөлін тереңірек түсінуге, қатысушылардың талдамалық ойлауын және құқықтық санасын дамытуға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/997469?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді