
Павлодар облысының Екібастұз қаласында 8-11 сынып оқушыларына арналған «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» республикалық байқауының қорытынды кезеңі өтті.
Іс-шара философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеуге, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеуге, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.
Ақмола облысынан республикалық турға 5 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІІ-дәрежелі дипломмен:
- «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» (зерттеу жоба) номинациясы бойынша Құнанбай Жанерке – Красный Яр ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
- «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» номинациясы бойынша Тилейхан Тогжан – Аршалы ауданы Елтоқ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
- «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар» номинациясы бойынша Амандыққызы Аружан – Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
- «Білімді, зерек адам болам!» – десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» (эссе жазу) номинациясы бойынша Шәріп Айша – Көкшетау қаласының Сәкен Жүнісов атындағы № 18 мектеп – лицейінің 10-сынып оқушысы марапатталды.
Құттықтаймыз және одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/997376?lang=kk
Жауап қалдыру