ОҚЫТУ-СЕМИНАРЫ: Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға бағытталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылған «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбындағы оқыту-семинары учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға бағытталды. Оқыту-семинарының алдында, қатысушылардың сайлау туралы түсініктерін айқындап алу тест өткізілді. Модератор, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жарас Джакипбеков бағдарламаға сәйкес, Қазақстандағы сайлау жүйесін трансформациялау барысы, жалпыға бірдей сайлау құқығы және «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қала, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша процестегі ерекшеліктері туралы» тақырыптарында баяндама оқыды.

Сондай-ақ, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Бағлан Рахметова «Сайлаушылар тізімін қалыптастыру тәртібі, тізімге енгізу, таныстыру және сайлаушылардың құқығы», төраға орынбасары Абдан Тулепбергенов «Сайлау алдындағы үгіт, байқаушылар, сенім білдірген адамдар туралы» және «Сайлаушылардың дауыс беретін уақыт пен орны туралы хабардар етудің алгоритмі», «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру және дауыс беру қорытындыларын айқындау тәртібі туралы», комиссиясы мүшелері Асқар Шаухаров пен Ерлан Абдикаримов «Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау туралы» және «Мүгедектігі бар сайлаушыларға дауыс беруді ұйымдастыру алгоритмі туралы», «Сайлау бостандығының кепілдіктері және сайлау комиссиясының әрекеттеріне шағым жасау, оларға қаралған құқықтық жауапкершілік туралы» және «Төтенше жағдай және арыз-шағымды қарау алгоритмі туралы» тақырыптарында сөз қозғады.

Аталған семинар барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері көрсетілген тақырыптар бойынша дәрістер оқып, оқылған тақырыпқа қатысты кейстік сұрақтармен практикалық жұмыс жасады. Біліктілікті арттыру бойынша бір күнге созылған оқыту-семинарына қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Ақпараттық медиа орталығы.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/997262?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді